«Конкурстық басқарушыны тағайындау және босату ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті төрағасының 2002 жылғы 11 шілдедегі № 66 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті Төрағасының 2006 жылғы 20 наурыздағы № 11 Бұйрығы (күші жойылды)

«Конкурстық басқарушыны тағайындау және босату ережесін бекіту туралы» Қазақстан
Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен
жұмыс комитеті төрағасының 2002 жылғы 11 шілдедегі № 66 бұйрығына өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті Төрағасының
2006 жылғы 20 наурыздағы № 11 Бұйрығы

 

ҚР Қаржы министрінің 2008 жылғы 12 тамыздағы № 396 Бұйрығымен күші жойылды

 

«Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті Төрағасының 2003 жылғы 25 ақпандағы № 14 бұйрығымен енгізілген өзгерістермен Нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1946 нөмірімен тіркелген «Конкурстық басқарушыны тағайындау және босату ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті төрағасының 2002 жылғы 11 шілдедегі № 66 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

бүкіл мәтін бойынша «Мемлекеттік кіріс» деген сөздер «Қаржы» сөзімен ауыстырылсын;

бұйрықтың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«Конкурстық басқарушыны тағайындау, есепке алу және тіркеу ережесін бекіту туралы»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған Конкурстық басқарушыны тағайындау, есепке алу және тіркеу ережесі бекітілсін.»;

көрсетілген Ережемен бекітілген Конкурстық басқарушыны тағайындау және босату ережесінде:

атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«Конкурстық басқарушыны тағайындау, есепке алу және тіркеу ережесі»;

Кіріспедегі «тағайындау және босату» деген сөздер «тағайындау, есепке алу және тіркеу» деген сөздермен ауыстырылсын;

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Сот белгіленген нысан бойынша (1 қосымша) ақпаратты қамтитын төлемге қабілетсіз ұйымның банкроттығы туралы жөнінде өндіріс қозғау туралы ұйғарымын шығарғаннан кейін Комитеттің аумақтық органы конкурстық басқарушыны өзі тағайындайды және осы Ережемен көзделген тәртіпте бекітуге материалдар ұсынады»;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.